"

Тек Шығыс Қазақстандықтар үшін, дүкендер мен мектептердің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін.Біріңғай уақыт белдеуіне көшкелі шығыста күн ерте қараятын болған. Бұған наразы халық, талай мәрте әкімдік пен үкіметке шағымдарын жолдаса да, сағат ауыспайтын болды. Облыс әкімі Ермек Көшербаев бұл біздің емес үкіметтің шешімі, тұрғындар мұндай өзгеріске үйренуі керек дейді. 

ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Үкімет қабылданғаннан кейін біз оны орындауымыз керек. Әрине, кейбір тұрғындардың қиындықтары туған шығар. Балаларды кешке жақын мектептен алып кетеді. Иә, әрине ондай болады. Бірақ уақытты өзгертпесе де, егер қазір ескі уақыт қайтса, таңертең қараңғы кезде балаларды мектепке апарар едіңіз. Сол балаларды кешке жақын алар едіңіз. Мен оны айтып отырғаным. уақытқа байланысты – бірнеше мерзімде оған үйрену керек деймін бір жағынан. Екінші жағынан, әрине, тұрғындардың ой-пікірлерін біз тиісті министрліктере жеткіздік. “Осындай қиындықтар туып жатыр, соған қалай қарайсыздар, мұны қарастыру керек” дедік. Қазір бұл сұрақ Үкіметпен шешілген. Уақытымыз өзгертілген. Біз қазір облыс тұрғындардың бейімдеу процесін қалай жеңілдетуге болатынын, қалай жөніне келтіруге болатынын ойлауымыз керек. Мысалы, жұмыс уақытын өзгертуге, әлеуметтік мәселелерге, дүкендер, мектептердің жұмыс уақытын өзгертуге, әрине сағат сайын жүретін көліктің тәртібін қарастыруға – сол мәселелерді жеңілдету. Жаңа уақытқа үйрету мәселелерін қарастырып отырмыз».

Бүгін Ермек Көшербаев Өскеменнің экологиясын қалай жақсартып жатқаны жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында тікелей эфирде есеп берді. Жақында жеке сектор  орталық жылу жүйесіне қосылмақ. Ал, өңірдегі ауаны ластағаны үшін кәсіпорындар төлейтін айыппұл болса, түгелдей қала бюджетіне түседі екен. Егер осы қарқынмен жұмыс жүретін болса, алда Өскеменнің ауасы тазарып, экологиясы қалыпқа келмек.