Диқандар дала жұмыстарына қызу кірісіп жатыр. Егін алқаптарын жыртып, білек түрді. Науқан жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көріп қайту үшін арнамыздың түсірілім тобы Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты «Бірлік» Агрофирмасына барып қайтқан болатын.

Алматы облысы, Балқаш ауданына қарасты “Бірлік” Агрофирмасы көктемгі дала жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Шаруашылықтың жалпы 5447 гектар егістік жері бар. Биыл оның 1387 гектарына бидай себілді. Қазір 800 гектар алқапқа күріш егу мақсатында жер жырту жұмыстары жүргізілуде.

АРШЫН ЖАҚЫПОВ, «БІРЛІК» АГРОФИРМАСЫ ЖШС БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Диқандар жер ананың ырзығын алу үшін, ерте көктемнен бастап білік сыбана жұмыстарына кірісіп кетеді. Шаруашылық басшысы Алмас Әбдіжаппарұлының жетекшілігімен бар мүмкіндіктерін пайдаланып, дала төсінде еңбек етеді. Биыл егістік алқаптарына регул және янтарь күріш сорттарын сеуіп отыр.

БАҚЫТЖАН СӘБИТОВ, БАС АГРОНОМ

Агрофирма басшылығы биылғы өнім көлемі жоғары болуы үшін тұрақты түрде мол су қорының қажеттілігін алға тартып отыр. Өйткені ақ алтын, тіршілік нәрімен бой көтереді.Биыл қуаңшылық қыспаса екен деп тілейді. Диқандардың айтуынша жуырда ғана Балқаш ауданына Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Әрсен Жақанбаевтың өзі арнайы келіп кеткен көрінеді. Ол бұл аймақтың негізгі проблемасымен жіті таныс болғандықтан Мемлекет тарапынан қолдан келгенше қолдау болатындығын алға тартқан.Қомақты қаражат бөліп, су арналарын жаңғыртуға ат салысатындығын алға тартыпты.

АРШЫН ЖАҚЫПОВ, «БІРЛІК» АГРОФИРМАСЫ ЖШС БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қалада отырып дала жұмыстарының машахатын көп түсіне бермейтін бар. Ала жаздай еңкейіп еңбек ететін диқандардың арқасында табиғи таза өнімдерге қол жеткізіп отырамыз. “Бірлік” Агрофирмасының ұжымы ауыл шаруашылығының ілгері басуына өз үлестерін қосып келеді. Сапалы өнім алу мақсатында ғылыми жүйеге сүйене отыра егістік алқаптарына себілетін дәнді-дақылдарды ауыстырып отырады. 

АЛМАС АМАНГЕЛДІ, «БІРЛІК» АГРОФИРМАСЫ ЖШС БРИГАДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Егіннің бітік шықсын десең ерекше күтім жасау керекті. Агрофирма мамандары егістіктің жауы саналатын түрлі жәндіктерден қорғану үшін міндетті түрде тұқымдарды дәрілеп отырады.
 
БАҚЫТЖАН СӘБИТОВ, БАС АГРОНОМ

Агрофирма өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірі ретінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.Жалақылары тұрақты, қаржылай қолдаудан бөлек, әлеуметтік тұрғыдан жем-шөбімен де қарайласады. Басшылары Алмас Әбдіжаппарұлына айтар алғыстары шексіз. Еңбек,бәрін жеңбек деген осы. Бірлігі жарасқан ұжымға тек табыс тілегіміз келеді.