Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру жүргізілді.

Заңдыстыру өтпеген шетелдік автокөліктерге қатысты: олар техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда көзделген барлық төлемдерді төлеумен тіркеуге жатады.

АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Заңдастыру шеңберінде қазақстандық есепке барлығы 304 мыңнан астам автокөлік алынды, оның ішінде 21 мың автоконструктор және 55 мың автокөлік уақытша есепке тіркелді".

Айта кетейік, бұл ретте автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.