"

Былтыр Қызылорда қаласында 1266 адам қызылша жұқтырған. Оның басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Қалалық санитариярық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қызылша аурушаңдығының 130 жағдайы тіркелген. Шаһарда эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі - ауруға қарсы екпе алмағандар. Бүгінде 1 жастағы 9264 және 6 жастағы 8292 балалар қызылшаға қарсы профилактикалық екпелермен қамтылған.

ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ