Қазақстанда «Бұрынғы уақытты қайтару» деген атаумен петиция жарияланған болатын. Бүгін қоғам белсенділері бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспсөз мәслихатын өткізді. Сарапшылар кейбір қазақстандықтардың уақыт өзгергеннен кейін қолайсыздық сезінгендерін жеткізді. Олардың ішінде электр энергиясының қымбаттауы, адам биоритмдері мен жұмыс, оқу және демалыс кестесінің сәйкес келмеуіне байланысты тұрғындардың физикалық және психологиялық ыңғайсыздығына әсер етуі де бар.
АМАНГЕЛДІ ШОРМАНБАЕВ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСТАМА» ҚОРЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ: «Жоба қаулысында, оның халықаралық шарттарға сай екені жазылған. Бұл шындыққа жанаспайды. Жүз пайыз сәйкес келмейді. Біріншіден, бұл жоба ауқымды түрде талқыланған жоқ. Мен заңгер ретінде айтатыным бұл қаулыны өзгерту керек. Сондықтан, бұл мәселені қоғам өз бақылауына алу қажет деп санаймын. Тыңдалып жасалуы шарт деп есептеймін. Үкімет құрамында нағыз мамандары бар жұмыс тобын құрып, тиімді шара қолдануы тиіс».