"

Баспана беру тәртібі өзгереді. Енді кезекте тұрғандарға үй есепке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай беріледі. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаттарының жалпы отырысыда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.95 ел қалаулылары қатысқан отырыстың күн тәртібінде бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақұлданды.  

«Тұрғын үй саясатын реформалау» туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып,жоба аясында «Отбасы банкі» ұлттық даму институты болып қайта құрылмақ. Оған азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары беріледі. Осыған байланысты «Отбасы банкін» екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару ескерілді.Сондай-ақ «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, оған қандай да бір санатқа жататындығына қарамастан, баспанаға мұқтаж барлық азаматтар тұра алады.Әрбір өтінім үшін кірістерді, мүлік пен активтерді анықтайтын отбасының цифрлық портреті жасалады. «Бұл өз кезегінде азаматтың отбасылық жағдайының барлық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді»,- деді министр.

ҚАНАТ ШАРЛАПБАЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

«Негізгі талаптардың бірі олардың меншігінде баспана болмауы керек. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезекке тұру үшін соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы қажет. Мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне байланысты, кезекке жаңадан тұратын азаматтар үшін осы мерзімді 10 жылға дейін ұзарту көзделген».

Жыл сайын бізде 40-50 мың адам баспана кезегіне тұрады. Әлеуметтік осал топтарға 9 мың баспана беріледі. 640 мыңның пайыздық көрсеткіші бойынша бұл 1,5 пайызды құрайды. Егер осыған дейін жемқорлардың қаржысына мектеп салынса, ол қаражатқа баспана салу ұсынылды.

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Мәжіліс отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау құжаттандыруда  қазақ тілінің мәселесі де көтерілді.

ҚАЗЫБЕК ИСА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Осылайша  мәжіліс отырсындағы күнтәртібінде көтерілген мәселелерге қосымша ұсыныстар айтылып,екінші оқылымға қосу көзделді.