Солтүстік Қазақстан облысының 35 ауылы электр қуатынсыз отыр. Бұл М.Жұмабаев, Аққайың,Тимирязев,Есіл,Қызылжар,Тайынша және Шал ақын аудандары. Естеріңізге сала кетейік,18 қараша күні өңірде болған ақ түтек боран салдарынан облыстың 183 ауылы жарықсыз қалып еді.Қазір электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеуге 46 бригада мен 180-нен  астам техника жұмылдырылған. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің сөзінше, жарық ертең сағат 15:00 ге дейін берілуі керек.

ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Өңірдегі қолайсыз ауа-райы салдарынан көптеген аудандар мен елді мекендер жарықсыз қалды. Алайда, маңызды әлеуметтік нысандар бірінші кезекте резервтік қуатпен қамтамасыз етілді.Бірте-бірте электр қуаты қалпына келтіріліп жатыр. Қатты бораннан электр желілері үзіліп, кейбір жерлерде тіректер құлаған.М.Жұмабаев ауданында жағдай қиын.Қатты боран салдарынан "ПТЭЦ-2-Булаев-мұнай" ӘЖ-110 кВ тірегі зақымданған.Салдарынан, аудан толығымен ЖАРЫҚСЫЗ қалды.Бұл жағдай бідің бақылауымызда».