Елімізде эндаумент- қорлар туралы жеке заң пайда болады. Заң жүйесінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар мен сыбайлас жемқорлыққа барған шенеуніктер бұл қорға құрылтайшы бола алмайды. Бүгін мәжіліс Нысаналы капиталға қатысты заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Эндаумент-қордың активтері құрамына ақшалай қаражат, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зияткерлік меншік кіре алады. Оған мүлікті шектеусіз мерзімге, кем дегенде 10 жылға дейін беруге болады. Берілген мүліктің құны сақталады, тек оны басқарудан түскен инвестициялық табысты ғана жұмсауға рұқсат етіледі.

МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бізде мына эндоумент фондтың құрылтайшысы боолуға жеке немесе заңды тұлғалар құқы бар. Сонымен қатар бұрын сыбайлас жеиқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін сотталған тұлғаларға шектеулер қарастырылмаған. Эндаумент фонд бұл ең алдымен қоғамдық сенімге негізделген қайырымдылық туралы деп маральдық этикалық тұрғыда алғанда қордың құрылтайшылары адалдық, қоғам алдындағы беделдігі зор маңызға ие болу керек сияқты болып көрінеді. Жемқорлық, ауыр қылмыстар жасағандарға ешқандай шектеу болмай ма? Кез келген қор құра бере ала ма?»

ЛАУРА МЕРСАЛИМОВА ҚР  ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:  «Заң жобасында да және қолданыстағы заңда да тиісті нысаналы капитал қорының құрылтайшысына қойылатын арнайы талаптар көзделмеген. Бірақ, сіз айтқан мәселе маңызды. Сондықтан құрылтайшыға шектеу қою мүмкіндігін Кониститутцияның 39 бабында көзделген талаптарын, Кониститутциялық кеңестің позицияларын ескере отырып, талқылауға мүмкін деп айтамыз».