Мемлекеттің ұлттық тұтастығын, халқымыздың дәстүрлі дінін, ұрпағымыздың болашағын қатерге байлап бере алмаймыз. Осылай деген Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Үкімет басшыларынан ел ішіне діни іріткі салған жат ағымды санадан да, ауыл мен қаладан да қуып шығу керек дейді.

ЕРМҰРАТ БӘПИ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

«Депутаттар қаққан дабылды «бұлар ислам дініне қарсы шықты» деп әлдекімдер әлеуметтік желіде өңін айналдырып, дабыра салып жүр. Ескерте кетейін, жалпы исламға және елдегі исламның Ханафи мазһабына қарсы емеспіз. Біз дәстүрлі дінге бүйі тигендей болған салафизм, уахабизм идеясына қарсымыз. Қазақ халқының ежелден өмір сүру және тұрмысы мен салт-дәстүріне жат идеологиялық ағымға қарсы Үкімет жағынан жасалған концепциялық бағдарламалар бар ма?»

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қазір өзіңіз көтерген тақырып үлкен проблемаға айналып отыр. Тамыз айынан бастап осы мәселемен айналысып жатырмын. Біраз теологтарды, діни бірлестіктердің өкілдерін шақырып, пікір алмастық. Олардың пікірлері де депутаттар көтерген мәселемен сәйкес келіп тұр. Сіздердің ұсыныстарыңызды олар да қолдап отыр».