ХАМАС содырларының шабуылынан кейін ірі әуе компаниялары Израильге ұшуларын ішінара тоқтатты. Дүйсенбі күні кешке Тель-Авив әуежайына жоспарланған рейстердің үштен бірі орындалмады.
Delta әуе компаниясы елге рейстерді айдың соңына дейін тоқтататынын айтты. United және American Airlines, сондай-ақ көптеген еуропалық тасымалдаушылар осындай қадамға барып отыр. Нәтижесінде Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайында бейберекеттік орын алды.
ГЕРМАНИЯДАН КЕЛГЕН САЯХАТШЫ: «Біздің рейсіміз тоқтатылды, бірақ біз сабыр танытып отырмыз. Үйге жететінімізге сенімдіміз. Қайғылы жағдай. Бірақ мен адамдарды діттеген жеріне жеткізу үшін көп жұмыс істеліп жатқанын білемін».
Жалғыз израильдік El Al әуе компаниясы барлық израильдіктердің үйлеріне қайтуы үшін рейстер қосқан. Қазіргі уақытта Израиль өз тарихындағы ең ірі әскери жұмылдыруға күш салуда.
ИЗРАИЛЬ ТҰРҒЫНЫ: «Өткен жылы АҚШ-қа қоныс аударған 25 жастағы ұлым танк әскерлеріне қайта оралды. Әскерде сержант шенінде үш жыл қызмет еткен ол енді елді қорғау үшін үйіме оралу керек деп шешіпті».
АҚШ пен Еуропадағы авиациялық реттеушілер Израильге рейстерді тоқтату туралы ресми бұйрық шығарған жоқ. Алайда Ресей жағдайдың тұрақсыздығын алға тартып, түнгі рейстерге тыйым салып отыр.
Осы уақытта Газа секторындағы Хамастың орналасқан жерлеріне, штаб-пәтері мен қоймаларына әуе шабуылдары жалғастырылуда. Израиль анклавқа электр және су беруді азық-түлік жеткізуді тоқтатты. Үкімет 900-ге жуық израильдікті өлтіріп, 2600-ден астамын жаралаған топты толығымен жоймақ ниетте екенін айтты. Ондаған адам тұтқынға алынды.Израиль әскерилері аз ғана уақыт содырлардың бақылауында болған шекарадағы ауылдардың біріне кірді. Мұнда 100-ге жуық өлген адамның денесі табылған.Израиль әскері ХАМАС басып алған барлық аймақтарды босатып, жекелеген содырларды жоюды жалғастырып жатқанын хабарлады.
ХАМАС содырларының шабуылынан кейін ірі әуе компаниялары Израильге ұшуларын ішінара тоқтатты
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 345 рет қаралды