Алматы облысы Есік қаласында «Патриотизм -рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты жас патриоттар академиясының республикалық форумы өтті. Қойнауында тарих тұнған қасиетті мекенде өткен шараға арнамызда барып қайтты.

Өскелең ұрпақты елін,жерін,отанын сүюді бойына сіңіріп тәрбиелеудің маңызы өте жоғары. Бүгінгі шара соның айқын көрінісінің бірі. Қазіргі таңда  аталмыш академиядың үш мыңнан астам мүшесі бар. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы және Жетісу облыстары филиалдарының үлесі жоғары.

ЖАНАТГҮЛ БУТИМБАЕВА   ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АЛМАТЫ,ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Ұлытау,Қарағанды,Абай облысы және Шымкент қаласынан өкілдері,басшылары қатысқан  бүгінгі шарада 7 оқушы академия қатарына қабылданып,салтанатты түрде төсбелгімен марапатталды. Жылдан жылға бұл көрсеткіштің саны артып келеді.

ДІЛДӘШ РЫСҚҰЛБЕКҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ