Орал қаласындағы «Венера» саяжайының тұрғындары тентіреп, далада қалды. Сондай ақ, аумақтағы 20-дан астам үйді де су шайған.

Бір айда екі рет су құрсауында қалған «Венера» саяжайында жалпы 300-ден аса үй бар. Соның 22-сі бел ортасынан су астында тұр. Тұрғындардың сөзінше әлі күнге дейін оларға мүлдем өтемақы берілмеген. Тұрмыстық техниканың бәрі жарамсыз күйде. Туысы бары туысқанға, қалғаны эвакуациялық орталықтарда күн көруде

САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ

Бір түнде барлығын күл талқан етіп кеткен қар суының зардабын шеккен тұрғындар, енді жер астынан шыққан судың залалын көруге мәжбүр. Су деңгейі күннен күнге 6-7 см көтерілуде. Халықтың тек бір арманы бар.  

САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ

Жан аямай күресіп жатқан қараша қазір қажыған.Биліктегілерден үміт үзбей, өтініштері өтімсіз болмайды деп сенеді.