Жапондықтар қорғаныс шығындарын арттырмақ. 2024 жылы қаржы шығыны 52 миллиард долларға дейін жетпек. Бұл биылғыдан сәл артық.Қаражаттың 6 млрд доллордан астамын Қорғаныс министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, соның ішінде жаңа әуе-кеме зымырандарына жұмсауды жоспарлап отыр.

Жапония Премьер-Министрі Фумио Киси, соңғы бес жыл ішінде қорғаныс шығындарын 300 миллиард долларға ұлғайту жоспарын жүзеге асырып келе жатқанына екінші жыл болды. 2027 жылға қарай олар елдің жалпы ішкі өнімінің 2 пайызына жетуі керек. Бұл деңгейде Жапония қорғаныс шығындары бойынша АҚШ пен Қытайдан кейін үшінші орында болады.

Айта кетейік, өткен жылы Жапония үкіметі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет өзінің әскери қуатын айтарлықтай арттыру туралы шешім қабылдады. Шенеуніктердің айтуынша, Солтүстік Кореяның күтпеген мінез-құлқы, сондай-ақ Қытайдың күшейіп келе жатқан батылдығы кінәлі.

Биыл Жапонияның Қорғаныс министрлігі Бейжің мемлекеті наразылық білдіргеннен кейін, көп ұзамай қорғаныс шығындарын көбейтуді сұрады. Ол апатты жағдайда болған «Фукусима-1» атом электр станциясынан ағынды сулардың ағуын айыптап, жапондық теңіз өнімдерін әкелуге тыйым салды. Токио өз кезегінде бұл тыйымды алып тастауды талап еткен болатын.