Жапонияның  Токио қаласында өткен  «Japan Mobility Show» көрмесінде электромобильдермен жеке мобильді құрылғылар таныстырылды.

Honda компаниясының стендінің жанында UNI-ONE-мен сырғанауға  болады. Құрылғы гироскутерге бекітілген орындықтан тұрады. Оны дене салмағының ығысуы есебінен басқару керек. Ал бұл дегеніңіз, мұндай қозғалыс құралымен әркім де жүре алады.

САТОСИ КАНАМОРИ – «HONDA»  ДИЗАЙН СТУДИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: "Сіз өз салмағыңызды игере отырып  қозғаласыз. Егер осылай істей алсаңыз, онда жүруге болады. Адамның  мүгедектігінің бар жоқтығына қарамастан  әркім сырғанай алады ".

UNE-ONE ашық ауада, мысалы, ойын-сауық саябақтарында және сауда орталықтарында қолдануға арналған. Honda оны 2025 жылдан бастап  сатуды  жоспарлап отыр. Ал Suzuki компаниясының стендінен MOQBA электр скутерін көруге болады. Бұл мопед пен төрт аяқты робот буданы.

“SUZUKI”  КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:  "Бұл құрылғының ерекшелігі - төрт аяғы бар, сондықтан ол баспалдақтармен бірқалыпты жүріп, түрлі биіктіктерге көтеріле алады. Мысалы, табиғи апат кезінде оған зембілдер немесе мүгедектер арбасымен адамдарды отырғызуды жеңілдететін конструкция қоюға болады ".

Көрмеде Nissan, Toyota және Mitsubishi сияқты танымал өндірушілердің тұжырымдамалық автомобильдері де қойылған. Жапонияда алғаш рет өз көлігін Afeela компаниясы ұсынды - бұл Honda және Sony электроника алпауытының бірлескен кәсіпорны. Күміс түсті седан алдыңғы панельдегі «реттелетін медиабармен» және ішіндегі аспап панеліндегі үлкен экранмен жабдықталған. Мақсат - смартфондардың революциясын көлікке көшіру. Көрмеге 470-тен астам жапон және шетелдік компаниялар қатысуда.