Ресей мен Қытай Израиль-Палестина соғысына қатысты АҚШ қарарына вето қойды. Құжатта ХАМАС-ты  қаржыландыруды тоқтатып,  қару сатып алу мүмкіндігінен айыру, сондай-ақ израильдік кепілге алынған адамдарды босату және бейбіт халыққа көмек көрсету ұсынылған болатын.

ЛИНДА ТОМАС-ГРИНФИЛД -  АҚШ-ТЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: "Біздің қарарымыз ХАМАС  және басқа да террористік топтар жасаған террорлық шабуылдарды сөзсіз айыптайды. Ол мүше мемлекеттердің террорлық актілермен жасалатын бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қатерден өзін қорғау құқығын растайды ".

Кейінірек Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өзінің екінші қарар жобасын ұсынды. Бірақ ол ең аз дауысты да жинай алмады.

ВАСИЛИЙ НЕБЕНЗЯ – РЕСЕЙДІҢ  БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: «Біз Қауіпсіздік Кеңесі Таяу Шығыстағы теңдессіз дағдарысқа жауап беруге берілген тағы бір мүмкіндікті пайдалана алмағанына өкінеміз».

Екі қарардағы басты айырмашылықтар АҚШ-та мемлекеттердің өзін-өзі қорғауға деген ажырамас құқығы бекітілді, ал Ресейде Израильге Газаның азаматтық халқын анклавтың оңтүстігіне көшіру туралы бұйрықты алып тастауға шақыру болды. Израиль қорғаныс әскері өткен тәулікте Газа секторындағы ХАМАС  тобының позициясына, сондай-ақ Ливандағы «Хезболла» әскери нысандарына 400-ге жуық соққы берді. Премьер Биньямин Нетаньяху телеарнада елдің Газаға шабуылға дайындық жүріп жатқанын    және оның мерзімін арнайы әскери министрлер кабинеті белгілейтінін айтты. 

БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ – ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: "Біз қазірдің өзінде мыңдаған лаңкестерді өлтірдік. Бұл басы ғана. Қайта шабуылға дайындық үстіндеміз.  Мен әзірге қашан, қалай және қанша мөлшерде болатыны туралы толық мағлұмат бермеймін ".