"
Алматы облысының полициясы жаңа туған және кәмелет жасына толмаған балаларды саудаға салмақ болғандардың жолын кесті. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты анықтап, құрықтады.
25 тамыз күні әлеуметтік желілерде "surak.baribar" парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген ақпарат тараған. Полицияға қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат келіп түскен. Қызметкерлер жедел әрекет етіп, балаларды саудалапжатқан сәттің үстінен түскен.
МЕРУЕРТ МОРЯКОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр».
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.