Қарағандыда адам өліміне әкелген жол талғамайтын көліктің жүргізушісі  ұсталды. Оның машина жасау саласындағы беделді кәсіпкер «Қазгидромаш», «ҚазПолимер» компаниясының директоры Сергей Камаев екені анықталды. Бүгін бизнесмен қамауға алынды. Айта кетейік, күні кеше Қарағандыда шамамен сағат түскі екілер кезінде екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапқан еді. Қалған үш адам ауруханада. Оның біреуі жүкті келіншек. Қаза тапқан марқұм 1984 жылы туған Ниссан көлігінің жүргізушісі. Айта кетейік, кісі өлімімен аяқталған көліктер қақтығысы жылдамдыққа шектеу қойылған жолда болған.

АЗАМАТ АХМЕТОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: «2-ші қыркүйектегі апатқа себепкер болған Lexus автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Сергей Камаев изоляторға қамалды.Тергеу барысында ер адам көліктің дұрыс жұмыс істемегенін алға тартқан. Барлық дәлелдерді тексеру үшін анықтаушы автотехникалық сараптама тағайындады. Аталған іс полиция департаменті басшылығының жеке жіті бақылауында».