Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, биылғы жылы аудан көлемінде бірқатар маңызды жол жөндеу жобалары жүзеге асуда. Соның бірі – Іргелі ауылдық округіне қарасты көшелерге жаңа тас жол төсеу жұмыстары.
Қазіргі таңда округтегі 23 көшеге ұзындығы 20 шақырымнан асатын жол жабындылары жүргізілмек. Бұл – көптен бері халық күткен маңызды мәселе. Себебі аталған көшелерге бұған дейін ешқашан асфальт төселмеген болатын. Тұрғындар күнделікті қатынаста қиындық көріп келген еді.
ЖАНАТ ЕРЖАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жаңа жолдардың төселуі ауыл ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға да оң әсерін тигізбек. Жергілікті халық атқарылып жатқан жұмысқа ризашылығын білдіріп, жол құрылысының сапалы әрі уақтылы аяқталуына үміт артып отыр.
МЫРЗАХМЕТ САЗБАСОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
САНДУҒАШ ШЫНТАЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Жергілікті биліктің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуде, сапалы орындалуы қатаң бақылауда болмақ дейді.