Шерзат Полаттың соты аяқталуға жақын қалды. Бүгін кісі қолынан мерт болған бозбаланың ісі бойынша сотталушылар соңғы сөзін айтты.
Шерзат Полаттың сот процесін жүргізіп жатқан судья Ержан Жанұзақов үкім шығатын күнді 5 маусым, сағат 16:00-ге белгіледі. Сотта сөз сөйлеген айыпталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Басты күдіктілердің бірі Равиль Сәкиев пен Абзал Шынасыл кінәларын жартылай мойындады. Қалған сотталушылар да судьядан әділ шешім шығаруды сұрады. Бас күдікті Абзал Шынасыл Қаржаубай Нұрымовтың отбасынан кешірім сұрады.
АБЗАЛ ШЫНАСЫЛ КҮДІКТІ «Бәрі Алланың қалауымен болып тұр. Шерзатты өлтірсем, бірден мойындаймын. Ақиқатты айттым. Жауабымды не үшін өзгерткенімді де. Бір қателігім — намысқа беріліп, мойныма алғаным. Мен жазадан қорықпаймын. Әділ шешім сұраймын. 106 баппен жаза тағайындауды сұраймын. Қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. БАҚ-та, желіде «Байдың баласы, депутаттың баласы» деп жатыр. Жалғыз анам бар. Шерзатты өлтірген мен емес. Кім істегенін айта алмаймын. Рақмет!»
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абзал Шынасыл «Бір адам мойнына алмаса, топ болып кетесіңдер деді. Пышақ менде болған соң мойныма ала салдым» деп жауап берген. Сондай-ақ сотта күдікті Дархан Әскентай Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады. Ол істі Қаржаубай Нұрымов ушықтырды деп есептейді. Ол ерегесті бастаған да, адам жинаған да, пышақты бірінші болып шығарған да Қаржаубай Нұрымов екенін жеткізіп, Шерзатты әкесі арандатты деді. Дархан Әскентай Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғауды сұрады.
ДАРХАН ӘСКЕНТАЙ КҮДІКТІ