Мектеп - кеме, білім - теңіз. Жылдағы дәстүр бойынша білім беру орындарында пән апталығы басталды. Осыған орай Алматы қаласындағы №203 Жалпы біліп беретін мектепте «Эстетикалық пәндер бірлестігі» атты апталықтың жабылуына байланысты іс–шара ұйымдастырылды.

Он күндік аясында өткен «Спорт – денсаулық, мәдениет, тәрбие бастауы» тақырыбындағы пән апталығында спорттық ойындар,қызықты ашық сабақтар өткізіліп, мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу сабақтары орын алды.

АҚЫНҚЫЗ ШӘМІЛҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 203 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Эстетикалы пәндер бірлестігінде бізде 12 мұғалім жұмыс жасайды. Мұғалімдеріміз жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып білімді, өнерлі, шымыр шәкірттерді дайындап отыр».

Музыка өнері оқушыларды сыршыл сезімге, сұлулыққа, рухани байлыққа жетелесе, бейнелеу өнері балалардың бойындағы қасиетті жан жүрегі арқылы іс-әрекетке бейімдейді. 

ҚУАНДЫҚ ЖІГІТЕКҰЛЫ ДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Көркем еңбек пәні – бабалар аманаты деген үлкен топ бар. Бүкіл Қазақстанның мұғалімдері жиналған. Енді сол жерде қазір оқушылардың жетістіктерін, өзіміздің жетістіктерімізді де айтып, жазып, кітаптарға шығып жатқан жайымыз бар. Бабалар аманаты деген 4-5 кітап шықты. Шетелдерде жұмыстарымыз қойылды».

РАУШАН ОМАРБЕКОВА КИІМ ДИЗАЙНЕРІ:«Алматы қалалық жастар саясатының басқармасының қолдауымен біз осындай 2 ұжым қосылып, осындай бір керемет іс-шара өткіздік. Алматы жастарын киіну және киім үлгілерінің мәдениетін салттық мәдениетін заманауи тұрғыда қалай киюге болатынын көрсеттік».

АЙДЫН ТАЛҒАТҰЛЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:«Біздің декада да қазақ ұлттық ойындары көптеген спорт түрлерінен жаттығу өткізудеміз. Жарыстар ұйымдастырудамыз. Балалардың қызығушылығын оятуда біздің мектепте волейболдан, футболдан, баскетболдан, дзюдодан, шахматтан үйірмелер бар».

Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті.