Даун синдромы – генетикалық ауытқушылық, жасушалардың бөліну процессі кезінде туындайтын кездейсоқ ақау. Ерекше балаларға арнап, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы және «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мамандарының ұйымдастыруымен облыстық көп бейінді балалар ауруханасында «Күн бала – шуақ шашқан нұрлана» атты тақырыппен кең ауқымды акция өтті.
Қазіргі күні жер бетіндегі әрбір 700-ші бала даун синдромымен туылады. Осындай балаларды қорғау мен олардың денсаулықтарын нығайтуға бағытталған ерекше күн биыл да аталып өтті. Оларға сыйлықтар табыс етіліп, бүлдіршіндер ойын – сауық шоу-бағдарламасын тамашалады.
МАЯ МИРЗАНОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Даун синдромымен туылған адамдарда 21- жұп хромосомаларында қалыпты екі көшірменің орнына қосымша 3-еу тағы болады. Яғни адам кариотипы қалыпты 46 хромосоманың орнына 47 хромосомадан тұрады. Бұндай аурумен ауыратын балалардың ата-аналарына үлкен сабыр тілеймін. Сондай-ақ, акция жылына екі рет қазан, наурыз айларында ұйымдастырылады».
Айта кетейік, облыс бойынша 221 балаға аталмыш диагноз тіркелген. Бұндай ерекше балаларға медициналық көмек, қалыпты түрде диета, дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап отырған абзал. Алайда бұл ойлаған әрекеттерді жүзеге асыру үшін қоғам мен ата-ананың, бауырлардың сүйіспеншілігі мейірімі өте маңызды.