Израиль жексенбі күні Газа секторына артиллериялық оқ жаудырды. Ел армиясы ХАМАС бақылауындағы аумақта құрлықтағы операцияларын кеңейтуде. Олар ХАМАС нысандарына тағы да жүздеген соққы берді.
Бұған дейін Беньямин Нетаньяху мұны соғыстың екінші кезеңі деп атаған. Осы кезде Джениндегі палестиналық босқындарға арналған лагерьде атыс болды. Онда Израиль әскері лаңкестікке күдіктілерді ұстау операциясын жүргізді. Салдарынан кем дегенде екі палестиналық қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланды. Дженин Батыс жағалауда орналасқан. Бұл палестиналық ФАТХ қозғалысының әскерилендірілген қанаты Әл-Ақса шейіттері бригадасының заставасы болып саналады. Ал Израильдің Ашдод қаласында Газа секторынан зымыран соққысы кезінде сиренаның әсерінен жүрек талмасынан қайтыс болған тоғыз жасар қыз жерленді.
ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ: «Ол өзі өлмеді, оны өлтірді. Сиренаның дауысынан жүрегі жарылып өлді қызым».
Израиль ХАМАС-қа қарсы әскери операциясының екінші кезеңін бастаған тұста бүкіл әлемде палестиналықтарды жақтайтын наразылықтар өтіп жатыр. Испанияда, Ұлыбританияда, Ливанда және Пәкістанда шерулер өтті. Газа секторының өзінде гуманитарлық дағдарыс басталды. Екі миллионнан астам адам тұратын анклавта бір жарым миллион адам үйлерін тастап, уақытша лагерлерде қалды. Сонымен бірге оларға дәрі-дәрмек, азық-түлік, су, отын жетіспейді.
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Құдай бізге рақым етіп, бұл соғыс тоқтайды деп үміттенемін. Мен тыныштық табу үшін үйінді астында өлгім келеді. Біздің өміріміз азапқа толы».
Ал Дағыстандағы Махачкала әуежайы жергілікті тұрғындардың тәртіпсіздігінен кейін жабылды. Олар Тель-Авивтен жеткен ұшақ қонғанда ішке кіріп антисемиттік ұрандар айтып, израильдіктерді басып алуға тырысқан.
Израиль жексенбі күні Газа секторына артиллериялық оқ жаудырды
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 377 рет қаралды