31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Алматы қаласында  жауын-шашынның арты қарға ұласады деп күтілуде.Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді. Түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ болжанады.

Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру ұсынылады.Жолдардың жүріс бөлігінде мұз қабаты  пайда болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтап, апаттар қаупінің жоғарылауын ескере отырып, кенеттен маневр жасаудан аулақ болу керек. Көлік жүргізушілердің алды ауа райын ескеріп дайындықтарын бастап та кеткен.

АЛМАС ҚАНАТБАЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Ауа райын көріп қар жауады деген. Астанада қар жауып жатыр. Енді Астана бізге алыс емес. Бүгін ертерек болса да шешім қабылдадым ауыстырам деп. Сақ болу керек,сондықтан ауыстырып жатырмын. Бір апталық ауа райына қарап отырамын. Сосын осындай шешім қабылдаймын. Былтыр 7 мың болды ма,биыл 8 мың. Енді инфиляция дегендей».

Ауыстыру бағасы сәл қымбаттағанын естіп қыстық дөңгелек бағасын білуге базарға ат басын бұрдық. Қалтаңыз көтерсе түр-түрін таңдап алуға болады.

ЖАРҚЫН АЙТБАЕВ САТУШЫ: «Былтырғыға қарағанда биыл арзанырақ. Былтыр енді карантин болды, Россияда жағдай болды дегендей баға қымбат болған. Қорғас ашылды. Фирмаларда көп кіргеннен кейін баға тиімді болып жатыр. Енді көбісі айтады дөңгелек қымбаттап жатыр деп. Қар жауған кезде ол көтеріледі әрине. Кәзір енді қар жоқ елдің қалтасы көтеретіндей бағада ұстаймыз».

Егер де уақытымен қысқы дөңгелекке ауыстырылмаса,ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл қарастырылған.

ЕРКІН ӨТЕГЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «ҚР заңының талабына сәйкес жүргізушілер желтоқсан айының 1 ші жұлдызынан ақпан айының аяғына дейін қысқы мерзімде қысқы дөңгелек пайдалану керек. Егерде бұл жағдай орындалмаған кезде әкімшілік кодекстің 590 бабы 5 ші тармағына сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады».

Коммуналдық даму басқармасы көктайғаққа қарсы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының инфрақұрылымына 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1 240 жол жұмысшысы тартылды. 76 тонна көктайғаққа қарсы материалдар дайындалды.