-"

Интернет алаяқтарға алданушылардың саны елімізде қаптап барады. Осыған байланысты СҚО облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Антифрод» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 

«Оңай түрде онлайн несие алыңыз, онлайн-банкингке кіргізіп береміз, интернет арқылы сатып алынған тауарларға алдын ала төлем жасай аласыз». Осы сынды түрлі алдауыш сөздерге сенген халық, қалай карталарының сандарын айтып, қалайша құрыққа ілініп қалғандарын білмей дал.  Тәртіп сақшылары қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрғындарға арнайы жадынамалар таратып, желідегі алаяқтардың айла-амалдары туралы айтып берді. 

МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ «Облыс орталығының тұрғындарына интернет-алаяқтықтың негізгі схемалары түсіндірілді. Бүгінгі күні құқық бұзушылықтың бұл түрі 11 пайызға өскен. Биылғы жылдың басынан бері интернет-алаяқтық бойынша 488 факті тіркелді». 

Полицейлердің сөзінше, алаяқтардың арбауына көбіне зейнеткерлер түседі. Сол себепті, акция аясында әсіресе егде жастағылар назарға алынбақ. 

ВЕРА БЕЛЕЖКОВА СҚО ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ «Маған белгісіз біреу банк қызметкерімін деп хабарласып, менің жеке мәліметтерімді сұрады. Ал менің ол банкте ешқандай шотым жоқ.. Жалпы, маған белгісіз нөмірлер хабарласса жауап бермеуге тырысамын». 

Қызметкерлер ескертеді! Азаматтар жеке мәліметтерін жарияламауға және онлайн-банкинг пен SMS хабарламалардағы сандарды ешкімге айтпауларыңыз сұралады!