https://www.youtube.com/embed/7oqBCdwEQ7w?si=ylXnJKz67pv3ROcQ"
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында жуырда бой көтерген жаңа жайлы мектептің ауласында ерекше игі іс-шара ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан әкімі бастаған бір топ азаматтық белсенділер мен ауыл тұрғындары мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.
Шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың санасына экологиялық мәдениетті сіңіру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру және туған өлкені көгалдандыру. Жаңа мектеп ауласында отырғызылған ағаштар оқушыларға таза ауа мен көлеңке сыйлап қана қоймай, экологиялық тәрбие берудің де көрнекі үлгісіне айналмақ.
РУСТАМ АТШАБАРОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аудан әкімі өз сөзінде мұндай шаралардың тұрақты түрде өткізіліп тұратынын және елді мекендерді абаттандыру — ортақ міндет екенін атап өтті. Жиналған қауым ортақ іске жұмыла қатысып, қоршаған ортаға деген жанашырлықтарын көрсетті. Шара бой көрсеткен танымал спортшылар да «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңызы зор деп отыр.
ЕРМАХАН ЫБРАЙЫМОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ
Бұл шара — еліміздегі экологиялық сана мен әлеуметтік жауапкершіліктің артып келе жатқанының жарқын дәлелі.