Таза табиғат – таза болашақтың кепілі. Еліміздің түкпір-түкпірінде табиғатты аялауға бағытталған кең ауқымды сенбіліктер өтті. Іле- Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өткен шараға екі жүзге жуық ерікті қатысып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
АЙГЕРІМ ЕСІМХАН ТІЛШІ:«Бүгін Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Парктер шеруі өтіп жатыр. Бұл акция Таза Қазақстан жобасы аясында өтілуде. Сондай-ақ бұл шараға 200- ден астам еріктілер, мектеп оқушылар, студенттер атсалысуда. Көріп тұрғандарыңыздай, дәл қазір менің жанымда көшет отырғызу жұмысы болып жатыр. Эко акция қалай өтуде? Қайырлы күн! Барлығы ойдағыдай керемет өтіп жатыр. Менің ойымша, бұл табиғат алдындағы борышты өтеу. Біздің айналымыздағытабиғатқа шүкір деуіміз керек және оларды шашпау керек.
«Парктер шеруі» экологиялық акциясы аясында өткізілген бұл сенбілік – табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырудың айқын көрінісі. Шара барысында қарағай көшеттері отырғызылып, бұлақ маңы тазартылды, сондай-ақ экологиялық квест ойындары орын алды. Ұйымдастырушылар қатысушыларға табиғаттың мән-маңызы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Ұлттық парктің ерекшеліктерін көрсетті.
ЖАНСАЯ АУТАЛИП ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:«Табиғатты қорғау - ең игі іс болып табылады болашақ ұпаққа жасалынған. Сол себепті табиғатты қорғай отырып, тазалықты сақтап, адамдарды экологиялық мәдентетке үйретіп, танымалдығын арттыру, ұлттық паркті құрметтеу барлығымыздың міндетіміз болып табылады».
Айта кетейік, «Парктер шеруі» — көктем мезгілінде өткізілетін дәстүрлі экологиялық акция. Оның басты мақсаты — ұлттық парктердің табиғи байлығын сақтап, жұртшылықтың экологиялық мәдениетін арттыру.
Айгерім Есімхан, Талғат Жанбота, Алатау ақпараты