Киаран дауылы Еуропа елдерін ойрандады. Аймақтағы бірнеше елде құрбан болғандар тіркелді. Еуропадағы жойқын жел кем дегенде алты адамның өмірін қиды.

Қолайсыз ауа-райы бейнеленген бұл кадрлар Италияда түсірілген. Дауыл салдарынан Тосканада 85 жастағы ер адам қаза тауып, Венетода бір адам із-түзсіз жоғалған.Мадридте дауыл әсерінен тротуарға ағаш құлап, бір адам құрбан болды.Тағы бес адам жарақат алған. Елдің солтүстігінде ауа райына байланысты қызыл деңгейлі ескерту жарияланды, Галисия мен Кантабрия жағалауларында тоғыз метрлік толқын болжанды. Испанияның солтүстігіндегі Ла Пинилья тау шаңғысы курортында желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымға жетті.Францияда ауа райының қолайсыздығынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Көлікті жел ұшырып, ағашқа соғылған. Мұнда желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан асты. Ел бойынша оннан астам құрбандар бар.

ЖЕРАЛЬД ДАРМАНИН ФРАНЦИЯНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
«15 адам зардап шекті, оның ішінде жетеуі өрт сөндіруші. Осындай қиын жағдайда 13500 өрт сөндіруші жұмыс атқаруда. Мен оларға алғыс айтқым келеді».

Бельгия, Нидерланды және Германия да адам шығыны туралы хабарланды.
Қатты жел мен жауын-шашын салдарынан бірқатар елдерде мектептер мен әуежайлар жабылды. Теміржол және паром қатынасы тоқтатылды. Адамдарға жағалауға және орманды аймақтарға барудан бас тарту жайлы ескертілді.