"

Қазгидромет синоптиктері 4-6 қараша аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады. 4-5 қарашада терең атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді.Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жаңбыр мен қар жауады, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді.Алайда 4 қараша күні циклонның соңынан батыстан антициклон бері қарай жылжиды.

Сол себептен түстен кейін жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температура төмендейді.Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында15 градус аязға дейін, күндіз 8 градус шамасында болмақ. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 5 градусқа дейін,таулы аймақтарда 10 градусқа дейін салқындайды.Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.