Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының соңғы деректері бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты. Бүгін ӨКҚ алаңында спикерлер Алматы қаласының аумағындағы сейсмикалық жағдайлар туралы баяндады. 

ДӘУЛЕТ СӘРСЕНБАЕВ ҰЛТТЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Біздің мамандардың қорытындысы бойынша,  бірнеше ғылыми бағыттардың деректері бойынша, жер қыртысындағы «жойқын» 200 - ге жуық процестерді зерттей отыра және Алматы сейсмикалық белсенді ауданының аумағында 5.5 және одан да көп магнитудасы бар жер сілкінісі болады деп күтілмейді».

Спикерлер оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Қазақстан жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта екенін еске салды. Алматы қаласы тау бөктерінде орналасқан, бұл сейсмикалық-шартты процестердің қосымша қауіптілігінің факторы болып табылады.

ДӘУЛЕТ СӘРСЕНБАЕВ ҰЛТТЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Әрине, жақында Қытай мен Қырғызстан шекарасындағы таяуда болған жер сілкінісінен кейін, оның сейсмикалық толқындары Қазақстан аумағында сезіліп, халық арасында дүрбелең туғызды, кейінгі жер сілкінісінен кейін оның қайталанауы мүмкін бе деген  мәселе халықты қатты алаңдатады. Шын мәнінде, 7 балдық жер сілкінісі 23 қаңтарда Қытайда Алматыдан 260 шақырым жерде орын алды».

Сондай-ақ, ағымдағы сейсмикалық жағдай бойынша қорытындылар сейсмикалық процестерді: гидродинамикалық, гидрохимиялық, геофизикалық, деформациялық процестерді және тіпті биологиялық бақылауларды мониторингтеуден алынған деректерінің кешені бойынша берілетінін түсіндірді.