Алматы облысы Талғар ауданында тоғызқұмалақ спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында жекелей чемпионат өтті. Жарысқа облыстың жеті ауданы мен Қонаев қаласынан  70-ке жуық жас спортшы қатысып, өзара үздікті анықтады. Өңірлік чемпионатта жастар тоғызқұмалақ спортының классика және блиц түрлерінен бақ сынады. Алғашқы үш орынды иеленген жүлдегерлер наурыз айында Өскемен қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды. Жарыс жеңімпаздары арнайы медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жолғы чемпионат мүлде басқа сипат алды. Себебі ұйымдастыру шаралары да, өту барысы да, марапаттау салтанаты да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Соңғы уақытта ұлттық құндылық саналатын тоғызқұмалақ спортын қолдау күшейген байқауға болады. Жастардың дүниетанымына ерекше серпіліс беріп,санасын сергітетін тоғызқұмалақ ойындарына әсіресе Алматы облысы қолдан келгенше қолдау көрсетіп,дәріптеуде.