Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол салмақ болған Павлодарлық тұрғынды аман алып қалды. Кейіннен ол күйзеліске ұшыраған жүкті келіншек екені анықталды. Әйел өзінің ғана емес, ішіндегі әлі дүниеге келіп үлгермеген шақалағының да өмірін қимақ болыпты. Ертіс жағалауын патрульдеп жүрген полицейлер келіншектің көпірдің үстінде эмоционалды түрде телефонмен сөйлесіп тұрғанын көреді. Содан әйелді алдап, сөзге тартып, райынан қайтармақ болады. Алайда, оған көнбегеннен кейін жедел әрекет етіп, қолынан тартып, көпірден түсіріп алып бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Қазір жүкті келіншектің жағдайы жақсы. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.