Маңғыстауда нәпақаларын жалған дипломмен тауып келген  60 мұғалім бірнеше жыл жұмыс істеген. Алаяқтық дерегіне қатысы барлар жұмыстан босатылыпты. Олардың қатарында 20 жылдан бері жалған құжатпен қызмет атқарып келгендер де болған. Олардың осы күнге дейін алған жалақыларына қатысты, әрі оған қосылған үстемақыға байланысты сотқа шағым түсіпті. Бұл бағыт бойынша өзге мектептерді тексеру де жалғасын таппақ. 

БАҚТЫГҮЛ ӨМІРБЕКОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «2023-ші, 2024-ші оқу жылы ғой. Сол кездегі мониторинг кезінде, басым көпшілігі бізде Мұнайлы ауданы және Жаңаөзен қаласынан болып шықты өкінішке орай. Бұл жерде  Мұнайлы ауданында 26, Жаңаөзен қаласында 13. Негізі қазіргі таңда барлығы тексеруде. Еңбек ақысы еңбек нарығы бойынша еңбек етті ол мекемеде, оны ешкім жоққа шығармайды».