Жарты жыл жан түршігерлік оқиғаны бастап өткерген 16 жасар қыздың тағдыры көптің жағасын ұстатты. «Не Молчи!» қорының таратқан мәліметіне сүйенсек, кәмелет жасына толмаған қызды сыныптастары жыныстық құлдықта ұстап, тәнін саудалап, табыс тапқан.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.  

Қыз тәнін саудаға айырбастаған ашкөз, намыссыз жасөспірімдердің қылығы бүгін желіні шулатуда. Алты ай бойы зорлық көріп, азапталған, бопсаның астында қалған бейкүнә қыздың қазіргі жағдайын анасы былай деп күйіне айтты.  

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: «Ол күлмейді не жыламайды. Тамақ та ішпейтін болған. Қызым барлығына көніп, қабылдап үйренген секілді. Ең сорақысы, ол бұның барлығын автоматты түрде жасады».

Қыздың тәнін саудалаған сорақылар, атақты Қыздар.нет сайтында айына кемі екі-үш миллион теңге табыс тапқан. Сондай ақ, мектеп оқушылары «біреуге тіс жарсаң, Астанадағы «көкелерімізге айтып, әке-шешеңді өлтіртеміз» деп қызды қорқытқан.

ДИНАРА СМАИЛОВА #НЕМОЛЧИКЗ ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Полиция, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор, мектеп басшылығы қызды іздеудің орнына, бұл отбасының әлеуметтік жағдайы  нашар деп шешіп, ата-анасын ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан. Мектеп басшылығы мен педагогтар уәкілетті органдардан оқушының сабаққа қатыспағанын жасырып, емтихандар бойынша жалған баға қойған». 

Жантүршігерлік оқиғағағ қатысты Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ҚР ҚК-нің 134-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.