Маңғыстауда су тұшыту зауытының құрылысы басталды. Шөлді аймақтағы күн тәртібінен түспей тұрған проблема өте өзекті. Егер жаңа зауыт іске қосылса, Жаңаөзен халқы кестемен емес, үздіксіз тіршілік нәрімен қамтылатын болады.

Қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын Тоқмақ жерінде теңіз суын тұшыту зауытын салу Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір мұнайлы шаһардағы тұрғындар Еділ суын Қиғаш өзені арқылы «Астрахан-Маңғышлақ» құбырынан алып, тұтынады. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар елді мекеннің халқы үшін судың жалғыз орталықтандырылған көзі. Су тұтыну көлемі халық санының өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына байланысты жылдан-жылға артып отыр.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Бұл жоба екі кезеңнен тұрады. Біріншісі, жаңа инфақұрылым салу.Осы жерден Жаңаөзен қаласына дейін су құбыры тартылады.Оған Жаңаөзен қаласында орналасқан сервистік мекемелерді тартатын боламыз.Келесі жылдың желтоқсан айы және 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында көрсеткішке шығады деп сенімдіміз».

Су тұшыту зауытының құрылысы өңір үшін жүздеген жаңа жұмыс орынын қалыптастырады. Құрылыс кезеңінде 240-тан астам адам, ал зауыт жұмысын бастаған соң 100-ден астам тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі.

НҰРЛАН НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Маңғыстау облысының дамуының, өзекті бір мәселелерінің бірі. Бұл өз кезегінде жылыжайларды дамытуға және малшаруашлығын дамытуға екі жерден су алуға мүмкіншілік болады. Сонымен қатар Астрахан-Маңғышлақ су құбырынан алып отырған су көлемімен бірге тәулігіне 50 мың текше метр су берілсе, Жаңаөзен қаласының тұтынушыларын және басқада елдімекендерді қамтамасыз етуге үлкен мүмкіншілік болады.

Жаңа зауыт іске қосылған күннен бастап өңірдің әлеуметтік даму саласында стратегиялық маңыздығы жоғары болатыны сөзсіз. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, 2025 жылдың көктемінде зауытты жобалық қуатқа шығару жоспарға енгізіліпті.