Маңғыстауға төтенше жағдайға байланысты 27 мыңнан астам адам эвакуацияланған болатын. Қазір 9 мыңға жуық адам өз үйлерінде болса, 1600 адам әлі де эвакуациялық пункттерде. Атырау облысынан келген эвакуацияланған халық арасында коммуникациялық және ақпараттық жұмыстар негізінде Маңғыстауда қоғамдық штаб құрылды. Штаб мүшелері зардап шеккендермен кездесіп, оларға психологиялық және ақпараттық қолдау көрсетуде.

НҰРЛАН НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Статистикалық деректерге сәйкес 27 мың 800 адам келді, осы жағдай болғаннан бері. Оның 17 мыңы балалар. Қазіргі таңда 9 мың адам кері қайтты, өздерінің елдімекендеріне, ауылдарына. Сіздерге және маңғыстаулық барлық азаматтарға осы уақытта жұмыла білгендеріңіз үшін, қажет кезде материалдық, қаржылық қолдау, ең бастысы моральдық қолдау көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз».