"

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы Алматы қаласы  Бостандық ауданынының мектептерінде жалғасын тапты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалалы жанұяларға қажетті құрал-жабдықтары мен сөмкелерді табыстады. 

Игі іс-шара М.В. Ломоносов атындағы №38 қазақ- орыс гимназиясында өтті. Қажетті құрал жабдықтармен қамтылған оқушылар дән риза. Балаларының қуанышты жүзін көрген ата-аналар қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына береке тіледі.

МАРИЯМ ЖҰМАШЕВА АТА-АНА: «Мен мүмкіндігі шектеулі баланың анасымын. Бірақ бүгін басқа ата-ананың өтінішімен келіп тұрмын. Үлкен рахмет, алғысымыз шексіз. Осылай көңіл бөліп беріп жатқандарыңызға. Ол біз үшін үлкен көмек. Сіздерге үлкен рахмет». 

ШОЛПАН АҒЫБАЙҚЫЗЫ «ЖАН-ӘЛЕМІ» БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Ауданымызда бұндай қайырымдылық іс-шарасы бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Мүмкіндігі шектеулі, аутизіммен ауырған балаларға жомарт жандар көмек қолын созып, керек жарақтармен қамтамасыз етіп келеді. Біздің балаларға мектепке даярлық кезінде сөмкелер мен киімдер, керек-жарақтарды сатып алып беріп жатқанына рахмет. 

Еліміз бойынша, 1 тамыздан бастап  «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды. Қайырымдылық керуені биыл «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіліп келеді. 

ГҮЛЖАН ДОСАЙҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №38 ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгін біздің мектепте осы акция аясында. Үш бірдей мектеп ұжымының атынан аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға бізде өз көмегімізді көрсеттік. Акция аясында мектепке қажетті құрал жабдықтар беріліп жатыр». 

Жыл сайын дәстүрлі түрде тамылжыған тамыздан бастап, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын науқанда атқартылатын іс көп. 1 баланы мектепке дайындау үшін 100 мың теңгеден астам қаражат кетінін нарқыта,  ата-аналарға қол ұшын созып, қажетті жабдықтарын алып берген демеушілердің әрекеті қуантарлық жағдай.