Алматы қалалық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысы аяқталды. Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды. Олар «Заңсыз бас бостандығынан айыру», «Өзгенің мүлкін қорқытып тартып алу», «Өзінше билік ету». Сот Гүлмира Сатыбалдының мүлкін тәркілеп, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу туралы үкім шығарды.

Мәди Батыршаев бастығының нұсқауы бойынша «жәбірленушінің еркін жүріп-тұруына кедергі келтіргі келтірді» деп айыпталған. Сот Батыршаевты кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.