Күні кеше мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жариялады. Конкурсқа 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Алдағы оқу жылына 112 мың грант бөлінді. Алайда бұл тізімде 100 ден аса жоғары балл жинаған талапкерлердің көпшілігі іліне алмаған. Оқушылар өздерінің назын әлеуметтік желілерде жариялады. 

«Әділдік жоқ!» дәл осылай деген талапкерлер  төмен балл алған түлектердің грантқа түсіп, жоғарғы балл жинағандардың іліне алмағанын айтып қынжылады. Олардың айтуынша, ТЖ кезінде судан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне жеке грант бөліну қажет еді. Сол себептен жаңа тізімнің жасақталуын талап етеді. Айта кетейік, 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді деген еді. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грант ала алмаған түлектерді үміт үзбеуге шақырды.  Оның сөзінше,  3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі. Жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдік гранттары бар. KazEnergy қауымдастығының гранттарына тапсыруға мүмкіндік барын атап өтті. 

Жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық. 

Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен. Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! 

Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.  Жұмыс берушілердің гранттары. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.  Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.  Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөліп жатыр.
 
Министірдің әлеметтік желідегі жазбасына көңілі көншіген талапкерлерді көзіміз шалмады. 120 баллдан жоғары жинағандарға бұл сөздер демеу бола алмады. Талапкерлер еңбектерінің еш кетпес үшін жаңа тізімнің жариялануын талап етті.