Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев аға лейтенант болып барып, капитан болып қайтты. Айта кетейік, Қырғызбаев  Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының әскери қызметшісі. Клуб бастығы полковник Арман Әбеуовтың айтуынша, Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы - аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі.

АРМАН ӘБЕУОВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОРТАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ