Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы сайланды. Бұл қызметке бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тағайындалды. Ол 2025-2027 жылдар аралығында бас хатшы қызметін атқарады. Айта кетейік, Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. Саяси ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Локальді жанжалдарға қатысушыға. Ангола», «Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және басқа да медальдарымен марапатталған. 1996 жылдан 2001 жылға дейін еліміздің жетекші сауда-қаржы құрылымдарында басшылық қызмет атқарды. 2001-2014 жылдары дипломатиялық қызметте болды.

Ал 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі. 2014-2016 жылдар аралығында және 2018 жылғы сәуір-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді. 2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2021 жылы Нұрлан Ермекбаев министрліктегі қызметінен отставкаға кеткен болатын.