Ойынқұмар азаматтар енді аурухана есігін тоздыруы мүмкін. Себебі, лудомания  аурулар тізіміне енді. СҚО психологқа жүгінген адамның 70 пайызы құмар ойынға тәуелділер. Тәуелділіктен тәуелсіздікке шығар жол бар ма? Сюжет көрелік.

Облыста лудомандардың көшін бастап тұрған – студенттер. Әзірге, ойын аппараттары мен қаржылық ұйымдар көп кезде, ойынқұмарлардың  саны көбеймесе азаймас.

ОЛЕГ МАТВЕЕВ, ПСИХОЛОГ «Жақында осы лудомания медициналық аурулар тізіміне енгізілді. Оны ойынқұмарлық, гемблинг деп те атайды. Жалпы облыста нақты статистика жүргізілмейді. Себебі, ондай ойын аппараттары тым көп. Бірақ маған көмекке жүгінетіндердің 60-70 пайызы дәл осы ойынқұмарлықтан арылғысы келетіндер». 

Лудомания ауруының белгілері жүре келе білінеді дейді мамандар. Оны әдетте былыққа белшеден батқан кезінде барып жақындары байқай бастайды. Көбіне ондай адамдардың мінезі күннен күнге тұйықтала түседі екен.

ОЛЕГ МАТВЕЕВ, ПСИХОЛОГ «Лудомания бұл психологиялық ауру.Мәселен, ішідікке немесе есірткіге тәуелді адамдарды көзінің қарашығынан, иістен, оның өзін ұстауынан біле аламыз. Жалпы кез-келген құмарлық аурулары емделеді. Мәселен, химиялық тәуелделіктен 3 кезең бойынша айығуға болады. Бірінші ол арнайы дәрілер беріп, екіншісі  әлеуметтік бейімделу болса, үшіншісі психотерапия. Ал ойынқұмарларға алғашқы екі кезең керек емес.Олар бірден мамандардың көмегіне жүгініп, өзінде осы аурудан арылам деген ерік-жігер болуы қажет». 

Аурудың емін табушылар әзірге Астана, Алматы мен Павлодар қалаларында орналасқан.