Бұрынғы ұлттық экономика министрі  Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Алқабилердің қатысуымен өткен отырыста жәбірленуші тарап марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіден жауап алынды.Сот барысында Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың арасындағы жанжалдың қандай жағдайда туындағаны жайлы баяндады. Жәбірленуші қарындасына қатысты жаңа деректер келтірді. Марқұм Салтанат Нүкенованың бет-жүзінің сау тамтығы қалмай көгерген фотосуретін көрсетіп,хабарлама жазбаларын да дәлелге алды.

Нақтырақ айтқанда айыпталушы Бишімбаевтың Нүкенованы тұрмысқа шыққаннан бері қысымда ұстағанын айтты. Айтбек Амангелді Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың арасында заңды неке болмағанын, тек екі рет мұсылмандық жолмен неке қидырғаны жайлы ақпаратпен бөлісті.