Бүгін Алматыда Париж Олимпиада жүлдегерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері - Ғұсман Қырғызбаев, Ислам Сатпаев, Александра Ле және Назым Қызайбай қатысты. Жеңімпаздарымыз алдағы жоспарымен ,Олимпиададан кейінгі өзгерістерімен бөлісті.

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: «Олимпиада ойындарынан кейін,дзюдо күресінен өзіміздің достарымыз, жаттықтырушы болып істеп жүрген бауырларымыз бәрі айтып жатыр залдарымыз балаға толды дейді.Елдос екеуіңнің арасында кеше Олимпиада ойындарынан кейін бәрі хабарласып жатыр бәрі  Мен беремін деген сияқты.Енді жас балаларға алдарына қойған арман – мақсат жолында аянбай еңбек етіп, жаттықтырушының айтқанын екі етпей орындап, алға қойған арман – мақсаттарына жетуге тілектеспін».
 
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ  ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:«Әрине, біздің жетістіктер ол жастарға үлгі болады деп ойлаймын.Олимпиада 4 жылда бір болатын ең үлкен жарыс.Біздің жетістік кішкентай балаларға үлгі және де  осылай спортқа келуіне себеп ойлаймын.Енді жас спортшыларға тілейтінім тек қана сол еңбектену, сынбау себебі спортта қиыншылықтар көп болады.Спортта болсын әр салада өзінің қиыншылығы болады, сондықтан енді әркім келгеннен кейін еңбектену керек деп ойлаймын. Ең бастысы еңбектеніп алға қойған мақсаттарына жету үшін шаршамау керек».

Спортшылар COVID-19 індетінің пайда болу деректеріне байланысты өздерінің пікірлерімен бөлісті.
 
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ  ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:  «Шыны керек, мен жарыста жүрген кезде біреулердің ауырып жатқанын естімедім бірақ, былай көрдім 1-2-н, бірақ спортсмен ауырды деп олай хабар болған жоқ.Осы біз келгеннен кейін ғана, негізі спортсмендер өздерінің арасында ауырғандар жоқ тек, анализ тапсырғанда вирус шығып тұр, ол легкий формасы деп ойлаймын».