Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Лос-Анджелесте өтетін келесі ойындарда бокстың Олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен шығарылуы мүмкін екенін айтты. Бұл маңызды шешім 2025 жылы қабылданбақ. Дәл осы қағида бойынша каратэ үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алып тасталған еді.

Томас Бахтың айтуынша, боксты алып тастау туралы айту әлі ерте. Мұндай шешім қабылданса, ол халықаралық бокс жарыстарын өткізу үшін ұлттық ұйымдардың бірігуі қажет екенін баса айтты.