Жығылғанға жұдырық.Тасқын судың зардабынан Орал қаласының Бортау ауданындағы Комарово бау-бақша серіктестігінің тұрғындары құжат мәселесі салдарынан үй ала алмай жүр. Не өтемақы, не баспанасы жоқ отбасы жалдамалы пәтер жағалап күнелтуде. Толығырақ келесі бейне материалда.
Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде баспанасынан айырылғандардың бірі Амангелді Компаковтың отбасы. Ауыздарынан жырып, бар жиған-тергенін баспана тұрғызуға жұмсаған тұрғын әп сәтте барлығынан айырылған. Әкімдіктегілер оның пәтер сұраған өтінішін қанағаттандырмаған. Құжаттың жоқтығынан өтініштің кешіктіріліп берілуі өз кесірін тигізіп отыр.Тұрғын үстіміздегі жылдың ақпан айында жер телімін екіге бөлу туралы өтініш қалдырғанымен, құжат жасау маусым айына дейін жалғасқан.
АМАНГЕЛДІ КОМПАКОВ ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕГУШІ:«Жерімізді бөліп алайық деп енді бастағанбыз. Құжаттар толығымен жасалғанша үлгермеді. Қолымызға алып үлгермей үй суға кетіп қалды».
Құжаттың жоқтығынан үйді техникалық бағалау жұмыстары жүргізілмеген. Жер қатынастары бөлімі басшысының айтуынша, жер телімін бөлу рәсімі кезінде ешқандай заң бұзушылық болмаған. Барлық шара өз мерзімі бойынша жасалған.
МИРАС МҰХИТОВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі уақытта жас отбасы пәтер жалдап тұрып жатыр. Мардымсыз айлыққа күн көріп отырған отбасының тағдыры шарасыз хәлде.