"

Орал қаласына қарасты Деркөл кентінде иесіз жүрген бұралқы иттер адамдарға шабуыл жасап жатыр. Қаңғыбас үй жануарларынан қауіптенген тұрғындар балаларды мектепке жалғыз жіберуге қорқады.

Қаңғыбас иттер базардың қақ ортасында кезіп жүр. Әсіресе мектеп пен демалыс, сауда орындарының маңын торуылдауға көшкен. Өткен-кеткен адамдарды жеп қоярдай, үрейлерін ұшырады. Ешкімнің өміріне қауіп төндірмейді дегеннің өзінде ит иттігін жасап, біреу-міреуді қауып алмасына кім кепіл, - дейді тұрғындар.

КЕНЖЕ СТАМҒАЗИЕВ ДЕРКӨЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

ИЖАН СМАҒҰЛОВ ДЕРКӨЛ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Деркөл кенті әкімдігі бұралқы иттердің саны артқанын жасырмады. Алайда атқарушы орган тұрғындар тарапынан арыз-шағым қабылдаумен ғана шектеліп отыр. Былтыр азаматтардан 85 арыз түссе, жыл басынан бері 20 адам шағымданған.Тұрғындардың талабын орындауға, яғни үй жануарларын атуға заңнама қолбайлау болып отыр»,- деп түсіндірді әкімдік қызметкері.

РАҚЫМЖАН ОРАЗОВ ДЕРКӨЛ КЕНТІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Жолдаған арыз негізінде ветеринар мамандар бұралқы иттерді аулау, биозалалсыздандыру шараларын жүргізеді. Ветеринария мекемесі 25 қаңтарда иттерді аулау шараларын жүзеге асыруды бастады. Бұл жұмыстарға бюджеттен 15 млн теңге қаражат бөлінген. Оған қарамастан иесіз иттердің саны азаюдың орнына көбейіп барады.  

ЕРЛАН ИШАНОВ ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Деркөл кентінің әкімдігі қаңтар айында облысқа жұмыс сапарымен келген мәжілісмендермен кездесуде бұралқы иттер мәселесін көтерген еді. Заң шығарушы орган өкілдері тұрғындар талабы ескерілетінін жеткізіпті. «Заңнамаға өзгеріс енгізілгенше қорғану үшін көше бойында таяқ ұстап жүруді жалғастырамыз ба?» дейді деркөлдіктер.