Тыйым салынған заттардың ірі партиясын жөнелтумен айналысқан тасымалдаушы Астана-Петропавл тас жолының бойында ұсталды. Ақмола облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің  қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан. Оның ішінде жолаушы ретінде күдікті отырған. Іс шара аясында анықталғандай, күдікті Көкшетау қаласының аумағында есірткі сатумен айналысқан. Аталмыш азамат есірткіні елордадан сатып алып, кейін оны Ақмола облысының  аумағында  таратуды жоспарлаған. Белгілі болғанындай, есірткі сатушы бұған дейін қолдан-қолға тауар өткізіп келген және оның тұрақты тұтынушылары  да болған.

ДАРХАН СЫЗДЫҚОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІГЕ  ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: «45 жастағы ер адам ұсталды. Жеке тінту барысында жалпы салмағы 900 грамнан асатын гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды».