Отандық футболды дамыту және Қазақстандағы жасөспірімдер спортының халықаралық аренаға шығуы үшін жаңа серпінді жобаларға арналған баспасөз конференциясы өтті.Іс-шарада қазақ футболының құрылымдық проблемалары мен оларды шешуге бағытталған жаңа жобалар, соның ішінде:Еуропалық футбол клубтары негізінде жаттықтырушылар мен спорт менеджерлерін оқытудың стратегиялық жобасы,үздік шетелдік клубтарға қазақстандық перспективті футболшыларды іріктеу жүйесін іске қосу,Қазақстандық жасөспірімдер футбол командалары мен Еуропалық қарсыластар арасында жолдастық матчтарды ұйымдастыру, Қазақстандық спортшыларды ірі халықаралық спорт жобаларына тарту мәселелері талқыланды. 

БЕКЕЖАН АРДАҚҰЛЫ FREEDOM  QJ  LEAGUE ЖАСӨСПІРІМДЕР ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ