Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне қатысты пікір білдірді. Ол қазір ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатқанын, ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамау керектігін айтты. Министр әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін шешім қабылдауда абай болу керектігін, қазіргі таңда қыздың жағдайына байланысты облыс әкімшілігімен байланыста екенін мәлімдеді.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Біріншіден бұл мәселенің бәрін жіті анықтау керек. Мен облыс әкімімен бұл сұраққа байланысты тығыз байланыстамын және оларға біздің ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамауды сұрадым. Өйткені бас-аяғын анықтап алу керек. Қазір ішкі істер органдары да бұл мәселеде асығыстық танытпауды айтып отыр. Мен бұл шешіммен келісемін. Сондықтан әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін шешім қабылдауда абай болуымыз керек».
Вице-министр Еділ Оспан жарты жыл жыныстық құлдықта болған қыздың қазіргі жағдайы қалыпты екені, психологиялық қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
ЕДІЛ ОСПАН ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Ол қыз балаға дер кезінде қолдау көрсетілді. Ата-анасымен хабардамыз. Өңірдегі психологиялық қолдау орталығы отбасымен жұмыс істеп жатыр. Өздеріңізбілетіндей отбасының құпиясына байланысты. Терге аяқталғанан кейін, ішкі істер органдары мәселенің мән-жайынан ақпарат береді».