Арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты мен жастарға сенемін! Мағжан Жұмабаев сенім артқан бүгінгі жастардың жүрегіне отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда түрлі жобалар жүзеге асуда. Осыған орай Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі атты жас патриоттар академия күні қарсаңында өткен  шараға қатысып қайтқан едік.

Қазақстандық жас патриоттар академиясы жас ұрпақтың бойында еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін сіңдіріп, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерді, өзін-өзі жетілдіру мен  дамыту тұрғысынан тәрбиелеу мақсатында құрылған. Бүгінгі шарада бірқатар жас буын аталмыш академия қабырғасына қабылданды.

ДІЛДӘШ РЫСҚҰЛБЕКҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығы мен академия арасында тығыз қарым қатынас орнаған. Жастарымыздың болашаққа бағдарын айқындап,отанымыз үшін бар күш жігерін аямауға тәрбиелеп отырған орталықтардың ойлары бір межеде тоғысқан.   

ЖАРҚЫНАЙ ҚАЖЫМҰҚАНОВА БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕШЕН БАСШЫСЫ

Еліміздің ертеңін қалыптастыратын жастарымызды әскери саладан да рухани тұрғыдан да тәрбиелеу үшін атқарылып жатқан бүгінгі шараның маңызды екенін ескерсек,осы жолда тер төгіп жүрген елім деген азаматтар жемісін жемек.